ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК БАЛАЛАРЫНЫҢ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы және Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар кешені өтті.
300-ден аса бала жиналған шара бүлдіршіндердің асфальтқа сурет салу, «Көңілді старт» және педагогикалық жасақтардың ойын-сайыстарына қатысуынан басталды.
«Отаным – бақыт мекені» атты сурет сайысында балалар еліміздегі бейбітшілік пен достықты, қоғамдық келісім мен бақытты балалық шақты бейнелеп, 5 турдан тұратын «Көңілді старт» эстафетасында жылдамдық пен тапқырлық танытса, педагогикалық ойындарда шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сайыстардың жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды. Одан әрі «Алекс» би тобының жетекшілігімен ұйымдастырылған жаппай флеш-мобта балалар көңілді әуендерге ырғақпен бірдей қимылдап, мереке көркін қыздырды.
Достық үйінің алаңында өткізілген бағдарламадан кейін концерттік залда облыстық этномәдени бірлестік балаларының қатысуымен «Балдәурен балалық шақ» атты концерт өтті. Татар этномәдени бірлестігінің «Ляйсан», кәріс этномәдени бірлестігінің «Алекс» би топтарының және барлық этномәдени бірлестіктің өнерпаз бүлдіршіндері концерт берді. Шара соңында барлық балаларға балмұздақтар таратылды.