«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БАҚЫТТЫ БОЛАШАҒЫМЫН!» АТТЫ СУРЕТТЕР БӘЙГЕСІ ӨТТІ
Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығында «Тәуелсіз елдің бақытты болашағымын!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік шараға орталық жариялаған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған балалар суреттері бәйгесіне қатысушы балалар шақырылды.
Суреттер бәйгесіне мектеп интернаттар балалары, туберкулез аурулары ауруханасында ем алып жатқан балалар және барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары балалары атсалысты. Бәйгеге қатысқан суреттерге Қызылорда өнер мектебінің көркем сурет бөлімі меңгерушісі Гүлнұр Абдраманова бастаған қазылар алқасы баға берді.
Кәсіподақтар орталығы төрайымы Сауле Ильясова балаларды мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Мереке күні орталықта жиналған балаларға бәйге қорытындысы бойынша марапаттар табысталды. Қызылорда қаласындағы №198 мектептің 2 сынып оқушысы Айдос Акимбаев суреттер бәйгесінің бас жүлдесіне ие болды. Туберкулез аурулары ауруханасында ем алушы Нейля Көбеннің иеленген 1 орын жүлдесі бойынша марапаты аурухана кәсіподақ төрағасы Жанибек Айтбаевқа табысталды. Жүлделі орындардан бөлек «Көркем сурет», «Ұшқыр ой», «Табиғат жанашыры», «Қиялдың қанатымен», «Көзайым» наминациялары бойынша және ынталандыру сыйлықтарымен 30 бала марапатталды.