АСЫРАП АЛУШЫЛАР МЕН КӨП БАЛАЛЫ АТА-АНАЛАРҒА КӨШПЕЛІ КЕҢЕСТЕР ӨТКІЗДІ
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жұмыскерлері Қазақстанның барлық өңірлерінде асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға және балалар үйлеріндегі әлеуметтік жұмыскерлерге көшпелі кеңестер өткізді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша «ХҚКО» департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
"Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орайластырылған акция Қазақстанның барлық өңірлерінде өтті. Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жұмыскерлері отбасы негізіндегі балалар үйлерінде қорғаншылықты ресімдеу, жәрдемақы, зейнетақы ресімдеу және т.б. әлеуметтік маңызды қызметтерді көрсету бойынша көшпелі кеңестер өткізді,"- дейді Қызылорда облысы бойынша департаментінің директоры орынбасары А.Тобаева.
Сондай-ақ, бүгінгі «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі балаларына мемлекеттік корпорация жұмыскерлері кеңестер берумен қатар, балаларға арнап жағымды тосын сыйлар жасады. Арнайы әрбір үйге тұрмыстық техника табысталды.
Атап өтсек, бүгінгі күні мемлекеттік корпорация арқылы азаматтарға 530 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді. Олардың ішінде зейнетақы төлемдері, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақылар тағайындау, мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және т.б.әлеуметтік маңызды төлемдер мен жәрдемақылар тағайындау қызметтері бар.
Мемлекеттік корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуірінде "Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы" РМК, "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" РМҚК және "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК-ның қайта құрылуы жолымен бастағанын естеріңізге саламыз.