КӨҢІЛДІ МЕКТЕП ШАҚЫРАДЫ
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-8 сынып оқушылары ғарыштық зымыранды өз қолдарымен дайындауда. Жазғы мектеп жұмысы аясында зымыран құрылысы бағыты бойынша элективті курстар басталып, онда оқушылар зымыран туралы, оның қозғалу траекториясы мен зертханада жанар-жағармай алу тәсілдерін үйренуде.
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 30 мамыр күні есігін айқара ашты. Биыл көңілді мектеп жұмысы 3 бағытта жүргізіледі. Алғашқы бағдарламада оқушылар зымыранның құрылысын және оның бөшектерін зерттеуді, математикалық есептеулер арқылы ғарыштық зымыранның макетін әзірлейді.
«Бүгін біз зымыранның ұшуына пайдаланатын жанар-жағармайдың құрамын зерттеп, зымыранды аспанға көтеруге қажетті қоспаның мөлшерін аңықтадық. Сондай-ақ мектеп ауласына шығып, «ғарышкер» ретінде пайдаланылатын түрлі жәндіктерді ауладық. Алдағы уақытта біз олардың ерекшеліктерін бақылап, ұшуға деген бейімділігін байқаймыз», - дейді 8-сынып оқушысы Мерей Сембай.
Сонымен қатар, оқушылар зымыранның ұшуына әсер етуші климаттың жағдайын зерттейтін болады. Зымыранды ұшыру сәті Жазғы мектептің жабылу салтанатында, яғни 10 маусым күні жүрзіледі.
Жазғы мектеп жұмысының екінші бағыты жылытуды қажет етпейтін және электр қуатын аз пайдаланатын заманауи үлгідегі тұрғын үйдің құрылысына бағытталған. Бүгінге дейін оқушылар мектеп айналасындағы топыраққа, ауаға және суға экологиялық сараптама жасады. Енді жас жеткіншектер эко-үйдің макетін дайындайды. Бұл курстың ерекшелігі - сабақтарды шетелдік мұғалімдер жүргізеді, сондықтан оқушылар зерттеушілік қабілеттерін дамытып қана қоймай, ағылшын тілін білу деңгейін арттыру мүмкіндігіне ие.
«Бұл екі курс 7-8 сынып оқушыларына арналған. Мақсаты – оқушылардың физика, математика, химия, биология және өнер пәндері бойынша практикалық білімдерін жетілдіру болып табылады,нәтижесінде, оқушылар бойында жобалау, зерттеушілік дағдылар молынан қалыптасады», - дейді Жазғы мектеп директоры Зәуре Ділманова.
Жазғы мектеп жұмысында барлығы 408оқушы қамтылған. Әр күні оқушылар қызықты жаңалықтар ашып, сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізуде.
Айта кетейік, жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін де Назарбаев мектебінің Жазғы мектебі 13 маусымнан бастап өз жұмысын бастайды. Оқу ұзақтығы - 2 апта, сағат 9:00-ден 15:00-гедейін. Бағдарламада ағылшын тілі, музыка, спорттық ойындар және тағы басқа көңілді шаралар қарастырылған. Сабақтардың барлығын шетелдік мұғалімдер жүргізеді. Оқу ақысы - 30600 теңге. Толық ақпаратты nis.edu.kz сайтынан немесе 8/7242/ 55-11-51 байланыс телефоны арқылы біле аласыздар.