УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Облыс орталығының «Шұғыла» мөлтек ауданында орналасқан №7 мектеп-лицейінде криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасының №9 учаскелік полиция пункті аймақтың тұрғындарымен кездесу өткізіп, тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараның басты мақсаты полиция қызметкерлері мен халық арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қылмыстың алдын алу, тұрғындардың қандай көмекке мұқтаж екендерін тыңдап, көмек беру, қала орталығында орын алып жатқан алаяқтық қылмыстары жайлы және ағымдағы жылдың 5 айында учаскелік полиция инспекторларымен қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда атқарған жұмыстарына есеп беру болып табылады.
Кездесу барысында алаяқтық қылмыстарының алдын алуда түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы «Каспий банк» АҚ Қызылорда қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Ғ.Рысбаев, Қазақстан Халық Банкі Қызылорда облыстық өкілдігінің аға менеджері Г.Дүйсенәлі және Қызылорда қалалық жер қатынастар бөлімінің маманы М.Әжібеков шақырылды.
Учаскелік полиция инспекторлары сол аумақта тұратын халықпен кездесіп, ұсыныстарына және сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, осы аймақтық учаскелік полиция пунктінде қызмет атқаратын учаскелік полиция қызметкерлерінің визиткалары бар екенін айта кетіп, қылмыстың, келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында телефондарына хабарласып, ақпарат беруге болатынын айтты.
Бұл бағытта да жұмыстар өз деңгейінде жүргізілетін болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі