СОТТАЛҒАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА
Облыстық прокуратурамен «Түзеу мекемелеріндегілерді жұмыспен қамту-2017» жобасын іске асыруда сотталғандарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар қабылданды. Облыстық прокуратурамен қабылданған шаралардың нәтижесінде ЗК-169/4 қоныс-колониясында сотталушыларды жұмыспен қамту мәселесі шешілді. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық прокуратура ҚАЖ Департаментіне сотталушыларды жұмыспен қамтуға ықпал ету актілері, сонымен қатар, Консультативті-кеңестің отырысына ұсыныс енгізілді. Бірігіп қабылданған шаралардың нәтижесінде жеке кәсіпкерлік субъектісінің қатысуымен жаңа өндіріс орны кірпіш зауыты іске қосылды. Қазіргі таңда зауытта барлығы 25 сотталған жұмыспен қамтылып, 100% құрады.
Сонымен қатар, сотталғандардың түзелу жолына түсуі мен қылмыспен келтірілген залалдың өндірілуі ескеріліп, оларды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мен жеңіл жазаға ауыстыру тиімділігі 80 пайыз құраған.
Сотталғандарды жұмыспен толық қамтудың нәтижесінде, ағымдағы жылдың 4 айында қылмыспен мемлекетке келтірілген 3081500 теңгенің 2755200 теңге қаржысы, яғни 89,4 пайызы өндірілген.
Қазіргі уақытта қатаң режимдегі ЗК-169/5 түзеу мекемесінде де осындай өндіріс орнын ашу аяқталу сатысында. Сотталғандарды жұмыспен қамту жобасына сәйкес, ағымдағы жылы барлық түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды 75 пайызға дейін жұмыспен қамту жоспарланды.