СӘБИЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
Жайнаған жаз маусымының ең алғашқы күні аталып өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде әрбір ұжым сәбилерге қамқорлық жасап, оларды қуантудың әрекетін жасайтыны анық. Өйткені бұл күн -балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелердің бірі. Осы атаулы күнге орай Қызылорда қаласында орналасқан ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық мамандандырылған сәби үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі бөбектерге арналған қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Аталған мекемедегі сәбилер үйінде 1-4 жас аралығындағы 61 бөбек пен мүгедек сәбилер мемлекет қамқорлығына алынған. Осы, қайырымдылық шарасы арқылы ата-ана қамқорлығынан ерте айырылып, тағдырдың ауыртпалығын ерте көріп жатқан, қамкөңіл сәбилерге қажетті құралдар (сәби жөргектері, ходуноктар, гаршоктар, сырлы шәйнектер мен сәбилерді жуындыруға қажетті заттар, йогурт тағамдары) беріліп, сонымен қатар ЗК-169/5 түзету мекемесіне сотталғандарды еңбекпен қамтамассыз етіп отырған ЖК «Жумабаев», ЖК «Аска» сотталғандардың өз қолдарымен булдіршіндерге арнайы жасалған мүсіндер мен бесік және гүл қойғыштар табыс етті. Қайырымдылық іс шарасының соңында "Жетімін жерге қаратпаған ” текті халықтың ұрпағы ретінде сәбилер үйіндегі әрбір сәби - еліміздің басты құндылығы, сондықтан осындай қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, сәби күнінен қамқорлық көрсетіп, олардың құқықтарын қорғау, азаматтық борыштарымыз,- дей келе ЗК-169/5 түзету мекемесінің басшысы Әділет майоры Т.Қалымбетов пен мекеме қызметкерлері бүлдіршіндерге жүрекжарды тілектерін білдірді.
Осындай игі шараның ұйымдастырылуына Облыстық мамандандырылған сәби үйі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы мен тәрбишілері өз ризашылықтарын білдіре отырып, шексіз алғыстары мен ақ тілектерін жеткізіп, қайырымдылық шараға алғыс ретінде балақайлардың қатысуымен шағын концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Осындай игі шараның ұйымдастырылуына Облыстық мамандандырылған сәби үйі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы мен тәрбишілері өз ризашылықтарын білдіре отырып, шексіз алғыстары мен ақ тілектерін жеткізіп, қайырымдылық шараға алғыс ретінде балақайлардың қатысуымен шағын концерттік бағдарламаларын ұсынды.