ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ БОЛДЫ
Облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісовтің төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиналысы болып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері талқыланды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, уәкілеті және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Қызылорда өңірінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар әлі де болса тыйылмай отыр. Қылмыс жасағандардың қатарында жергілікті, орталық атқарушы органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Мысалы, өткен жылы жүйелі түрде пара алғаны үшін қаржылық бақылау инспекциясының және қалалық білім бөлімінің қызметкерлері сотты болды.
Ішкі істер органдары, оның ішінде жол-патрульдік және учаскелік полиция қызметкерлерімен жасалған қылмыстардың басым бөлігі құқық бұзушыларды жауаптылықтан босату түріндегі әрекетпен ұштасқан. Полиция қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау үшін қыруар қаржыға сатып алынған бейнежетондар қызмет барысында пайдаланылмауда.
Бұл ретте, полиция қызметкерлері мен құқық бұзушының арасындағы қатынастың арнайы құралға жазылуы ашықтықтың және жемқорлыққа төзбеушіліктің белгісі болып табылады.
Жаңадан қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін (ішкі және сыртқы) талдау шараларының жүйесі қалыптасып, оны жүргізудің қағидалары бекітілді.
Өз кезегінде, уәкілетті органмен қатар мемлекеттік орган басшыларына да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жүктелген. Сондықтан, әрбір басшы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіп, алдын алу мен болдырмау бағытында пәрменді жұмыстарды жүргізуі тиіс.