АУРУХАНАНЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – БӘРІНЕН ДЕ ЖОҒАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңы және Қызылорда облысының әкімі К.Е.Көшербаевтың 2014 жылғы 19 мамырдағы №410-ө «Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы» өкіміне сәйкес, Қызылорда қаласында орналасқан «Облыстық медициналық орталығы» МҚК-нің қызметкерлеріне Қызылорда облысы ТЖД Мемлектетік өрт бақылау бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі С.Сыздық «Денсаулық сақтау нысандарында және тұрмыста өрт қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында сабақ өткізді.
Бастысы мекеме басшылары жауапкершілікті болуы қажет, қызметкерлер ереже талаптарын сақтауға міндетті болуы керек.
Қызметкерлерге түсіндіру жұмысын жасау керек. Кейбір өрт оқиғасы көрсеткендей, кіші медициналық қызметкерлер көбінесе өрт болғанда не істеу керектігін білмейді және сасып қалады.
Өрт қауіпсіздігіне байланысты іс-шаралар ұйымдастырып тұруы керек. Өрт дабыл қондырғысын орнату, құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, көшіру жолдарының ыңғайлылығын қадағалау, осы бағытта тренингтер ұйымдастыру керек.
Ауруханада, қарттар үйінде, мүгедектер үйінде тасымалдауы қиын адамдар болады. Бірақ бір таңқаларлығы осындай қимылдауы қиын адамдарды жоғарғы қабатқа орналастыратыны бар. Өрт болған жағдайда оларды көшіру үшін техникалық құралдар қажет, бірақ ол көбіне жоқ деуге болады.
Ауруханалардың ең осал тұсы — автоматты өрт дабыл қондырғылары жүйесінің дұрыс жұмыс істемей қалуы, өрт оқиғасы кезінде науқастарды құлақтандыру жүйесінің болмауы, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтылмауы. Мамандар тексеру кезінде көбінесе эвакуация жолдарының бітеліп қалуы — дәрі-дәрмекке толы қораптармен, каталкалармен, шкафтармен және басқа да жиһаздармен жолдың бітелуі… Тозығы жеткен медициналық және электр құрал-жабдықтары да қауіпті. Жұмыс істемейтін гидранттар, сыртқа шығатын гүлдермен көмкерілген сатылы алаңдар да кедергі болады. Кейде қызметкерлер өзге шығатын есіктің кілті қандай және қайда екенін білмейді.»
Сабаққа 100 қызметкер қатысты. Сабақ барысында «Қоғам ТД» түсірілім жасалды.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
Баспасөз қызметі