ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫН КЕҢЕЙТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен және сот қызметкерлері қатысты.
Семинар жұмысын сот төрағасы С.Б.Сүлеймен ашып, мемлекеттік тілді дамыту әр азаматтың, сонымен бірге мемлекеттік қызметшінің міндеті және қастерлі борышы екенін айтып, сөз кезегін баяндамашы жетекші маман А.Күнтуғановаға берді.
А.Күнтуғанова өз баяндамасында мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні мен рөлі туралы, мемлекеттік тілді іске асыру және дамыту туралы Бағдарламасының табысты түрде іске асырылып отырғаны туралы, сондай-ақ еліміздегі толеранттылықтың, өзара түсінушіліктің дами түскенін және еш кедергісіз барлық еліміздегі ұлттардың тілдері мен мәдениеттінің сақталып отырғанын, сонымен қатар, халық игілігіне арналып мәдени өсиет мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазақ тілінің даму тарихын зерделеу бойынша ауқымды жұмыс өткізілгенін айтып өтті.
Сонымен қатар, жұмыста қазақ тілі грамматикасын дұрыс қолданбау, жиі кездесетін орфографиялық қателер сараланып, талқыланды. Сондай-ақ, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша статистикалық мәліметтер айтылды.
Семинар жұмысын қорытындылай келе, сотта мемлекеттік тілді дамытуды және қолдану бойынша ұсыныстар келтірілді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
баспасөз қызметі