ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК
Төтенше жағдайға тап болған адамға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің адам өмірін сақтап қалуында маңызы зор. Сондықтан да көмек көрсетудің алғашқы сағаттарын «алтын уақыт» деп айтуы бекер емес.
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нің құтқарушылары біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Оқу курстары Астана қаласынан келген «Денсаулық сақтау кадрларының дипломнан кейінгі білім академиясы» оқытушыларымен жүргізілді.
34 құтқарушы 54 сағат көлемінде «Емдеу ісі» мамандығының «Госпитальға дейінгі этаптағы дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек» циклы бойынша білім алды. Біліктілікті арттыру курстары қазіргі заманғы интерактивті әдістерін қолдана отырып, дәрістер мен оқыту түрінде жоғары деңгейде өткізілді. Сондай-ақ, оқу барысында алғашқы көмек көрсетудің тәжірибелік әдістері де қолданылды.
Курсты аяқтағаннан кейін құтқарушылардан сынақ қабылданып, біліктілікті арттыру туралы куәліктері табысталды.
Оқытудың мұндай нысандары жасақ құтқарушыларын кәсіптік даярлауға және білімін шыңдауға ықпал етеді.
ҚР ІІМ «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ