БИЫЛҒЫ ОРАЗА 29 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ
Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты хабарлайды.
Мәжіліс жұмысына ғұлама ғалымдар, Діни басқарманың облыстардағы өкіл имамдары қатысты. Басқосуда Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды. Биыл Хижри күнтізбесі бойынша Ораза 29 күнге созылады. Ал Рамазан айы 2016 жылдың 6 маусымында басталады. Сондай-ақ бүгін Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері белгіленді. Мәжіліс мүшелерінің, яғни ғұлама ғалымдар мен өкіл имамдардың бірауыздан дауыс беруімен 2016 жылы берілетін пітір садақа мөлшері 200 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы Рамазан айының бірінші күнінен бастап Ораза айт мерекесіне дейін беріледі.