СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ӨКІЛДЕРІ ӨТКІЗГЕН САБАҚ
Ағымдағы жылдың 25 мамырында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы арасында бейнеконференция түрінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында үгіт-насихаттық түсіндірме сабағын өткізді. Аталмыш шараға Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арлан Бақытұлы Андасов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Мақсұтұлы Ниязов және Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Мұрат Емелұлы Келесов қатысты. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетілді. Аталмыш дәрісті 100-ден аса мамандар тыңдады.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы