ҰЖЫМДЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ЖОҒАРЫЛАТУ
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-де ұжымдық ахуалды қалыптастыруға байланысты «Ұжымдық психологиялық тұрақтылықты жоғарылату және шиеленіс жағдайлардың алдын-алу» тақырыбында лекция оқылды.
Ондағы мақсат - жеке құрамға мінез-құлық мәдениетімен таныстыру және қызметкерлер арасындағы тиімді қарым-қатынас мәдениетін жақсарту болды. Медициналық-психологиялық қызметінің бас құтқарушы-психологы Жанар Бегманова құтқарушыларға ұжымда бір-бірімен қарым-қатынас түрлері және мінез-құлық, әдептілік жайында түсінік берді. Лекция барысында қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, жылы лебіздер айтылды. Ұжымдағы бірлікті қалыптастыруға байланысты «Өрмекші», «Сенімділікті нығайтамыз» тренингтері өткізіліп, ұжымдық ахуалды жақсартуға арналған тест сұрақтарына жауап алынды.
Ұжымның ауызбіршілігін нығайту мақсатында әлі де көптеген іс-шараларды өткізу жоспарда бар.
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр
жедел құтқару жасағы» ММ