ЕЛБАСЫНЫҢ «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖОСПАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 17-ші қадамында судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтуі көзделген. Бұдан былай барлық тағылымдамадан өтетін үміткерлерге лауазымдары сақтала отырып, өзінің басты жұмыс орнынан босатылып сынақтан өтуге мүмкіндік беріледі. Сынақтан өтушіге бір жылдық өтілімі бар аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының лауазымдық жалақысының 70 пайыз мөлшерінде еңбекақы төленеді және қолайлы жағдайлар жасалумен қатар кандидаттарды іріктеу тәртібі күшейтілді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының 04.03.2016 жылғы №6001-16-7/48 санды судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өту үшін бос орындарды бөлу туралы өкімі негізінде және 19 сәуір 2016 жылғы Қызылорда облыстық сотының тағылымдамадан өтуге кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссия отырысының шешімі бойынша 2016 жылдың 18 мамырынан бастап 5 /бес/ тағылымдамашы-кандидаттар Қызылорда қаласының №2 сотынан өз қызметтерін бастады.
Судьялыққа тағылымдамашы-кандидаттарды Сот төрағасы Қалымбет Бақытжан Мүсілімбекұлы қабылдап жұмыстарына сәттілік, табыс тіледі.
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі