НАШАҚОРЛЫҚ-21 ҒАСЫР ОБАСЫ!
Нашақорлық - біздің қоғамның қорқынышты ауруы болып табылады.
Ең өкініштісі нашақорлықтың әлемде кеңінен таралуы. Егер бұрын әлемде есірткі пайдаланушылар саны санаулы болса, қазір ол жаппай тәуелділікке айналды.
Қоғамдағы нашақорлық проблемасы туралы ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ құтқарушылары облыстық наркология орталығында 25 жыл тәжірибиесі бар нарколог-дәрігері Сексен Кеулімжаевпен кездесті.
Нарколог-дәрігер құтқарушыларға есірткі пайдаланудың барлық салдарын, адам ағзасына тигізетін зияны, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілігі туралы айтты.
«Нашақорлық-21 ғасыр обасы!» тақырыбы бойынша бейнероликтер көрсетілді және кең ауқымды ақпарат беріліп, ескерту парақшалары таратылды. Құтқарушылар тестілеу түрінде сұхбат тапсырып, тақырып бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Кездесудің мақсаты - нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау болды.
ҚР ІІМ «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ