БАЛАЛАР ЖӘНЕ СУРЕТ ӘЛЕМІ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті балаларға арналған кезекті қайырымдылық шарасын облыстық көркемсурет галереясында өткізді.
«Атамекен» балалар ауылында 8 отбасында 57 бала тәрбиеленуде. Халықаралық музей күніне орайластырылып өткізілген шараға 45 бала келді. Олар, алдымен, галереядағы сыр өңірі суретшілерінің шығармаларымен танысты. «Менің елім - Қазақстан» тақырыбында сурет салу байқауына қатысуға ниет білдірген бір топ бала екінші залдағы мольберттер алдына жайғасты.
Сурет конкурсы өтіп жатқан уақытта балалар көркемсурет өнері туралы қысқаша бейнедәрісті тыңдап, тамашалады.
Департамент басшысының орынбасары Мұса Оспанұлы Қалдарбеков балаларды құттықтап, әр отбасына сыйлыққа кітаптар табыс етті. Мұнан басқа барлық балаларға жаздық аяқ-киімдер таратылды. Бір демде жаңа аяқ киімдерін киіп алған балалар кездесуді көңілді флеш-мобқа айналдырып жіберді. Барлығы бір дауыспен «рахмет, рахмет» сөзін қайталап, ерекше ықыластарын білдірді.
Сурет салу байқауына қатысқан балалар өз Отаны туралы ерекше ойлары мен көзқарастарын танытты. Әдемі салынған және ерекше идея білдірген үздік жұмыстар иелерін Департаменттің кәсіподақ комитеті төрайымы Мария Искакова дипломдармен марапаттады.
Департаменттің түсіндіру жұмыстары басқармасы