«ВАТСАП»-ТАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЕРЕГІСІ ПЫШАҚТАЛУМЕН АЯҚТАЛДЫ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.
Соттың мәжіліс залына жиналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Бержанов сот өндірісінде қаралған қоғамдық пікір туғызған істер жайлы, соның ішінде дене жарақатын салумен байланысты қылмыстық істерінің көбейіп бара жатқанын баяндады.
Атап айтқанда, кәмелетке толмаған сотталушы Т. 2015 жылдың қараша айының 21 күні сағат 17:30 минут шамасында «Ватсап» әлеуметтік желісі арқылы өзінің таныстары А., Е. және жәбірленуші Б. төртеуі сөйлесіп отырған, содан сотталушы Т. жәбірленуші Б-ны балағаттаған. Осы күні кешкі сағат 20:30 шамасында әлгіндегі сөзге келіп қалған үшеу көшеде кездесіп қалады. Әңгіме барысында тағы сөзге келіп, ерегісіп қалған жасөспірімдер сөзге келіп қалып, сотталушы Т. жәбірленуші Б.-ны пышақпен жарақаттайды. Сөйтіп, сотталушы Т. ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін жауапқа тартылды.
Брифингте осындай халықтың назарын елеңдетпей қоймайтын бірнеше қылмыстық істер бойынша әңгіме өрбіді.