ОҚУШЫЛАР ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗДІ
Кеше Қызылорда қаласындағы Достық үйінде 1 маусым Халықаралық балалар қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Қызылорда облыстық ҚХА хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ-сі және «Славяне» орталығының ұйымдастыруымен қалалық №5 мектеп-лицей оқушылары облыстық Достық үйінің ғимаратында экскурсия жүргізді.
Онда түрлі ұлттық-мәдени орталықтарының қызметімен танысып, жәдігерлік қол өнер бұйымдарымен, төл өнерлерімен, тұрмыс-салтымен және тілдерді оқыту кабинеті мен кітапхана жұмысымен танысты.
«Қоғамдық келісім» КММ директоры У.Ибраев «Достық үйі» жайлы толық ақпарат беріп, ғимараттың жергілікті халық үшін мән-маңызы жоғары екеніне тоқталса, «Славяне» орталығының өкілі Галина Щербакова «барлық халық бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүрсек, одан асқан бақыт жоқ»,-деді.