СЫР ЕЛІНІҢ ЖАСТАРЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АРЫСТАН» ЛИЦЕЙІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Қызылорда қаласына арнайы жұмыс сапарымен «Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім қоры» қоғамдық қор филиалы «Арыстан» мамандандырылған лицейінің директоры, генерал–майор, педагогика ғылымдарының докторы Сәбит Тауланов келді, - деп хабарлайды Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі баспасөз қызметі.
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Арыстан» мамандандырылған мектеп лицейіне, II кезеңге іріктелініп алынған 8-9 сынып аралығындағы 55 оқушыдан IQ тесті алынды. Қорытынды бойынша 8 - сыныптан 13 оқушы, 9 - сыныптан 17 оқушы, барлығы Қызылорда облысы бойынша 30 оқушы Алматы қаласындағы мамандандырылған «Арыстан» лицейіне тапсыруға жолдама алды. III кезеңдегі, лицейдің қойылған талаптарынан сүрінбей өтсе, аталған оқу – орнында білім алатын болады.