СУ АЙДЫНЫНДА АДАМ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қызылорда облысы ТЖД-де дөңгелек үстел отырысы өткізілді, деп хабарлады Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
Дөңгелек үстел барысында 2 мәселе төңірегінде сөз қозғалды. Біріншіден, биылғы жылы «Суға түсу маусымына дайындық жұмыстары және қауіпсіздік шаралары туралы» және «Су айдынындағы қауіпсіздік қағидалары» мәселелері, екіншіден облыс көлеміндегі балалардың жазғы тынығу лагерлеріндегі өрт қауіпсіздігі туралы сөз қозғалды.
Биылғы жылы суға түсу маусымында су айдындарында адамдардың, балалардың суға бату оқиғаларын болдырмау бағытында атқарылатын іс-шараларды ұйымдастыру мәселесін де көтерді. Осы бағытта атқарылған жұмыс және жазғы суға шомылу маусымында облыстың су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы ҚР ІІМ ТЖК "Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы" ММ басшысы Бахыт Ембергенов баяндады. Одан соң "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары туралы" Азаматтық қорғау басқармасының аға офицері Серік Сыздық баяндама жасады. Мұнан соң сөз кезегі Қызылорда облысының ІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы Амангелді Бақытжанов мен Қызылорда облысының Білім басқармасының бас маманы Жадыра Шариеваға берілді.
Айта кету керек, өткен жылы бойынша 43 адам суға кетіп қаза болса, оның 15-ін балалар құрады. Биылғы жылдың бес айында 5 суға кету оқиғасы тіркелген, оның 4-еуі бала.