БАРЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ІС-ҚАҒАЗДАР МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ
Қызылорда қаласындағы мемлекеттік тілдің мәртебесі жыл өткен сайын артып, барлық мекемелерде іс-қағаздар мемлекеттік тілде жүргізіліп келеді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Ай сайын жүргізілген мониторинг бойынша 2013 жылдың мәліметімен мемлекеттік тілде шығысталған құжат айналымы 99,2 пайызды құраса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 99 пайызға жетті. Ал 2015 жылғы көрсеткіш бойынша 99,9 пайызды құрап, 2016 жылғы 1-тоқсанда 99,3 пайыз болды. Ай сайынғы бақылау жұмыстары нәтижесінде іс қағаздарын орыс тілінде шығыстаған мекемелерге ескерту жасалып, мемлекеттік тілдің үлесін 100 пайызға жеткізу қажеттігі жайында хат жолдануда.
Айта кету керек, Қызылорда қаласы бойынша 58 БАҚ есепке алынған. Оның 51-і – баспадан шығатын, 7-электронды БАҚ. 10 пайызы – орыс тілінде, 20 пайызы – екі тілде, 70 пайызы – мемлекеттік тілде жұмыс жасайды.
Шынар БЕКБАН