ҚЫЗЫЛОРДАДА 4 КҮНІНДЕ КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН 1048 ШЕТЕЛ АЗАМАТЫ АНЫҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың мамыр айының 16-20 аралығында облыс аумағында заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау бағытында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның 4 күнінде көші-қон заңнамаларын бұзған 1048 шетелдік анықталды. Оның 19-ы алыс шетел азаматтары болып табылады.
Сонымен бірге, шетелдіктерді қабылдау кезінде тіркелуін қамтамасыз етпегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен 108 Қазақстан Республикасы азаматына және ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен көші-қон заңнамаларын бұза отырып шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан 57 Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
33 шетелдік республика аумағынан аластатылды. Көші-қон заңнамаларын бұзуға жол берген 436 шетелдіктің республика аумағында болу мерзімдері қысқартылды. Іздеуде жүрген 1 қылмыскер ұсталды.
ҚР АПК-нің 382-бабы бойынша Көші-қонмен байланысты емес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 5 шетелдік анықталды.
Қылмыстық кодекстің 394-бабы 1-бөлігімен (Заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру) ҚР-ның 3 азаматына, Қылмыстық кодексінің 393-бабы бойынша (шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамау) 8 шетелдікке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Іс-шара кезінде жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ Өзбекстан Республикасының 77 азаматы ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі