«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Жуырда Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде «Тіл сақшысы» газетінің оқырмандар конференциясы болып өтті. Алқалы жиынды облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, республикалық «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторы Сәдуақас Аңсат жүргізді.
- Кеше ғана біз Қармақшы ауданында болып мемлекеттік тілдің бүгінгі жай-күйіне байланысты семинар өткізген болатынбыз. Негізінен зиялы қауым өкілдері қатысқан сол семинарда да жұртшылықтың ана тіліміздің туын көтеріп жүрген біздің газетке деген ықыласының ерекше екенін байқадық, - деп бастады сөзін С.Аңсат. – Газет шығарудағы мақсатымызға тоқтала кетсем, мен 2010 жылы ұйымға төраға болып келгенде 96 пайыз қазақтарды құрайтын Қызылорда облысы әкімдігінің іс-қағаздары мемлекеттік тілге әлі толық көшпеген, халыққа қызмет көрсететін қалың көпшілікпен етене араласатын мекемелерде, өндіріс орындарында кеңсе қағаздары орысша жүргізіледі. Екен. Тіл үшін күресті жан-жақты жүргізу үшін біз барлық мекемелерде Қоғамның бастауыш ұйымдарын құрып, олардан 30, 50, 100 теңгеден жарнапұл жинауды қолға алдық. Осы ретте көптеген рейдтер ұйымдастырдық. Алайда жұмыс нәтижеміз басылымдарда онша жарық көрмеді. Сондықтан түскен жарнапұл және тіл жанашырларының демеушілігімен «Тіл сақшысы» газетін шығаруды қолға алдық.
Кездесуде оқырмандар өздерінің ойларын айтып жатты. Осы тұста №234 мектеп мұғалімі Молдабай Жеткербай «Тіліміздің қаншалықты бай екенін білесіздер, бұл даналар тілі, шешендер тілі, біздің ар-намысымыз, абыройымыз, күш жетпес құдіретіміз. Мен «Тел сақшысы» газетінің тұрақты оқырманымын», - деген тілегін жеткізді.
Ұзаққа созылған конференция соңында қонақтар №165, №204 орта мектептердегі және «Ақбота» балабақшасындағы «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының жұмысымен танысты. Айта кету керек, «Тіл сақшысы» газетінің оқырмандарымен келесі кездесуі мамыр айының соңында Жаңақорған ауданында өтпек.
Шынар БЕКБАН