ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Сүлеймен, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
3 сотталушы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жәбірленушінің қаражаты мен алтын бұйымдарын, атыс қаруын жымқыру мақсатында тұрғын үйге заңсыз кіріп, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен, пневматикалық қарумен, шолақ мылтықпен қаруланып, шабуылмен ұштасқан қарақшылық жасау туралы және 1 сотталушы жасалғаны анық белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламаған қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, журналистер қойған сұрақтарына жауап берді.
Сот үкімімен 3 сотталушы 10, 11, 12 жылға бас бостандықтарынан айырылып, мүліктері тәркіленіп, жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді. Бір сотталушыға 6 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Одан басқа, сотталушылар жәбірленуші тарапқа 5152500 теңге материалдық залал өтейтін болды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі