СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы өкілдерінің және ТЖД Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Е.Үсенбаевтың, Сырдария ауданы гарнизонының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Отырыста «Нұр-Отан» аудандық филиалының өкілі Б.Ахметов «100 нақты қадам Ұлт жоспарының» 13 қадамы жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге арналғандығын айтып өтті. Сонымен қатар 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасымен таныстырып, тиісті мағлұмат берді.
Өз кезегінде ТЖД Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Е.Үсенбаев қабылданған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңын басшылыққа алып, қызмет барысында жұмыс жасауды тапсырып, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы В.Беккердің 13.05.2016 жылғы хатымен таныстырды. Жеке құрамға сыбайлас жемқорлықтың және діни экстремизмнің алдын алу сипатындағы бейнероликті көрсетті.
Сырдария ауданы
Төтенше жағдайлар бөлімі