ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗБЕК
Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру бағытына сәйкес және тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғамның ішкі құрылымында саяси белсенділікті дамыту, ішкі істер органдарына деген халықтың сенімін арттыру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып 2016 жылдың 18 мамырында сағат 11.00-де Талсуат ауылдық округінде «Жолда қабылдау» акциясын өткізбек.
Аталған акцияға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің сарапшысы Байгелдаев Бауыржан, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің консультанты Жаукенов Абылайхан, Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция полковнигі Әденов Қайрат, Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі А.Әбдіхалықов, «Талсуат» ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері қатысады.
Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізіліп, Жергілікті полиция қызметі, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың басшылығымен азаматтарды қабылдау жүргізіледі.
Шара барысында қатысушылар арасында полиция қызметкерлерінің қызмет атқару барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы туралы сауалнамалар жүргізіледі.
«Жолда қабылдау» акциясы барысында көлік жүргізушілері мен жолаушылар арасында сауалнамалар жүргізіліп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді насихаттайтын үнпарақшалар таратылатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі