ОҚО-ДА "САҚАЛДЫ АПА" ТҰРАДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны 65 жасар Мұхтабор Тораева ең танымал тұрғыны болып үлгерді. Өзінің танымалдығын ол 20 сантиметрлік сақалына міндетті, деп хабарлайды КТК арнасы.
Жасы алпысты алқымдаған ақ жаулықты ана Қазығұрт кенті Тұрбат ауылында тұрады. Өзбек ұлтының өкілі Мутабор Тораева сақалына ұстараның жүзін тигізбегенін мақтанышпен айтады.
Тұрбаттықтар ол кісіні "Сақалды апа" деп атап кеткен екен. Үнемі той-томалақтың ортасында жүретін кісі аймақта танымал.
Жолдасымен 42 жыл өмір сүрген Мутабор апа бүгінде ұл мен қыз өсіріп отыр. Олардан алты немересі де бар. Жолдасымен отау тіккелі тұрғанда Мутабор апаның сақалы енді өсе бастаған. Ол кісінің айтуы бойынша, күйеуі екеуі бақытты ғұмыр кешуде. Көзі тірісінде жарының иегіндегі сақалымен мақтанғанын айтады. Құрдастарына: "Менің әйелім өзгелерге мүлдем ұқсамайды. Көшеде кетіп бара жатқанда жұрт менің әйеліме таңдана қараса, соған марқайып қаламын", – деп мақтанатын көрінеді.
Ал сақал қыз балалар жағынан тұқым қуалап келе жатқан көрінеді. Сақал нағашы әжесінде, анасында және Мухтабор апайдың әпкесінде болған. Ал қызына әлі шықпаған, бірақ барлығына 25 жастан бастап шыққан екен.
«Жас кезімде сақалымды қырып тастағым келген. Бірақ дін жолында жүрген адамдардың сөздеріне құлақ асып, сақалыма ұстараның жүзін тигізбеуге бел байладым», - дейді Мухтабор апай.
Шынар БЕКБАН