«ЖАСТАР ҮЙІНЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ САПАР
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Жастар үйінің» тұрғындарына ізгілік сапарымен барды.
Жасөспірімдердің жетекшісі Марат Жүсіпалиев жас тұрғындардың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Мұнда балалар үйінде өскен 16-23 жас аралығындағы жастар тұрады екен. Олардың бірқатары студенттер болса, енді бір тобы мамандық алып жұмыс жасап жүргендер. Бөлмелері жинақы, қыз-жігіттердің оқу мен жұмыстан да басқа түрлі қызығушылықтары байқалады.
Халықаралық отбасы күні мерекесіне орайластырылып, ұжым атынан жасөспірімдерге сый-сияпат жасалды.
«Жастар үйі» жанынан құрылған жас футбол командасына футбол доптарын тапсырып тұрып, профилактикалық жұмыстар және бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Әлкебайұлы жастарды аптасына екі мәрте Департамент қызметкерлерімен бірге аяқ доптан жаттығу жасауға шақырды. Ал адам ресурстары басқармасының басшысы Мұрат Жәденов экономист, заңгер мамандығына оқып жүрген студент жастарға Департамент құрылымдарында еңбек тәжірибесінен өтуге мүмкіндік барын жеткізді. Департамент басшысының құттықтау хатын тапсырды.
Департамент тарапынан жайылған мерекелік дастархан басына жиналған жастар, сонымен қатар, шәй ішуге арналған екі ыдыстар жинағын сыйға алды. Қамқорлық шараларына жастар ризашылықтарын білдірді.
Бахыт ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы