ҚАЛАЛЫҚ ДЕПУТАТТАР ЖАҒАЖАЙДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылорда қалалық мәслихат депутаттары облыс орталығындағы жағажайларда болып, суға түсу маусымына дайындық жұмыстары және қауіпсіздік шаралары барысымен танысты.
Халық қалауылары Сырдария өзенінің жағалауындағы заңды («Арай пляж») және заңсыз («Мерей» мөлтек ауданы, «Қорқыт ата» кешені ауданы, Халыққа қызмет көрсету орталығы) аумақтарында орналасқан жағажай жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар бұл рейдке Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының, ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының өкілдеріде ат салысып, депутаттарға атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.