ОБЛЫСТЫҚ СОТТА СЕМИНАР САБАҚ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «БААТЖ бағдарламасы бойынша Статистикалық есептерді қалыптастыру мәселесі» тақырыбында семинар сабақ өтті.
Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен семинарға Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысы А.Жұмамұратов, кеңсе басшысының орынбасары Е.Боранбаев, бөлім басшылары, облыстық сот кеңсесінің қызметкерлері мен аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері, статистикалық есепке жауапты мамандары қатысты.
Семинарды Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысы А.Жұмамұратов ашып, баяндамашыларға сөз кезегін берді.
Шиелі аудандық сотының жетекші маманы А.Өміралиева «Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі бағдарламасы бойынша статистикалық мәліметтердің шынайлылығы, сонымен қатар хаттамалардың уақытылы салынуы және БААТЖ бағдарламасында карточка реквизиттерінің толтырылуы және статистикалық есептерді қалыптастыруда туындаған мәселелер» жөнінде баяндама оқыды.
Қызылорда қалалық сотының кеңсе меңгерушісі Н.Дүйсенова «ҚР сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесінде істерді автоматты түрде бөлу жөніндегі 21.07.2013 жылғы Қағидасының талаптары туралы» баяндамасын талқыға салды.
Қатысушылар оқылған баяндамалар бойынша сауалдарын қойып, ойларымен бөлісті.
Семинар соңында кеңсе басшысы А.Жұмамұратов облыс соттарындағы бірқатар мәселерді тілге тиек етті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі