СПИД АУРУЫНАН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің мәжіліс залында СПИД ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай акция ұйымдастырылды.
Акцияға Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Қ.Мырзахметов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Алдабергенов және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың бас дәрігері Т.Амитов қатысты. Акция соңы белсенді өнерпаз жастардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Айта кету керек, жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде дүниежүзі бойынша СПИД ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өтіледі. Бұл бағыттағы шараларды жастар да қалыс қалдырған емес. СПИД ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні 1983 жылы алғаш рет Сан-Францискода өткізілген.