ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР АРДАГЕРГЕ ҚОЛҒАБЫС ЕТТІ
Қызылордалық өрт сөндірушілер Ұлы Отан соғысының ардагері Евгений Иванович Дорожкинге қолғабыс етті.
Евгений Иванович жұбайы Ирина Александровнамен бірге Тереңөзек ауылында тұрады.
«Біздің жігіттер қарияларға көмекке келді. Мерекемен құттықтап, үйдегі шаруаны тындырып, біраз қолғабыс етті», - дейді ӨҚ және АҚЖ жетінші өрт сөндіру бөлімінің басшысы Бөлебай Әбдіқадыров.
Майдангердің шаңырағына келген өрт сөндірушілер үйдің ішін ақтап, сырлап, бөлмелерін жинап шықты.
«Жастардың қарттарға көңіл бөліп, қол ұшын созатыны бізді әрине қуантады. Жігіттер бізге көмекке жиі келіп тұрады», - дейді Евгений Иванович.
Өрт сөндірушілер соғыс ардагерімен балық жайында таңнан кешке дейін әңгіме соғуға қарсы емес.
«Евгений Иванович қан майданға аттанбай тұрып, артельмен бірге Сырдария мен Әмудариядан балық аулаған екен. Балықты соғыстағы жауынгерлерге, балалар үйлері мен емханаларға жөнелтіп отырған. Сұрапыл соғыс жылдары Женя секілді аталарымыз бүкіл елді асыраған», - дейді өрт сөндіруші Тимур Ахметов.