КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНДА СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «ҚР Медиация туралы Заңының талаптарын кәмелетке толмағандардың істері бойынша қолдану ерекшеліктері» және «жаңадан қабылданған ҚР Азаматтық процестік кодексі бойынша шешім жолдау ерекшеліктері» тақырыптарында семинар сабағы өтті.
Іс-шараға ювеналды соттың төрағасы А.Әбу, судья Қ.Бержанов, кеңсе меңгерушісі М.Асанова, кеңсе қызметкерлері қатысты.
Семинарды сот төрағасы А.Әбу ашып, сөз кезегін баяндамашы судья Қ.Бержанов пен бас маман-сот отырысының хатшысы Е.Есжановқа берді.
Баяндамашы судья Қ.Бержанов өз баяндамасында ҚР Медиация заңының қолданылу тәртібі, заңның ювеналды сотпен қаралатын істер бойынша қолданылу ерекшеліктерін, сондай-ақ, судья Қ.Бержанов қаралып жатқан іс бойынша бір тарап кәмелетке толмаған болса, онда медиация шартына міндетті түрде психолог пен мұғалім қол қоятынын, ал, бұл заң жалпы қолданыста шартқа тек тараптар ғана қол қоюмен бекітілетінін айтып өтті.
Ал, баяндамашы Е.Есжанов «Жаңа заңның ерекшеліктеріне және сот шешімдерінің жолданылу мерзімдері» туралы айтып, аталмыш заңға енгізілген өзгерістерге тоқталды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.