ЖЕКЕ КӘСІПКЕР НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚЫП КЕЛДІ
Қызылорда облысы, Жаңакорған ауданындағы жеке кәсіпкер Жаннат Жұмабек «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша «Шағын және орта бизнес топ менеджментін оқыту» жобасы аясында «Назарбаев Университетінде» оқып келді.
Кәсіпкер әйел 2009 жылдан бастап Жаңақорған кентінде кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Өзінің шағын тігін цехы бар.
Жаннаттың айтуынша, тігінмен айналысу оның сүйікті ісі, ол киім тігумен қатар әр-түрлі терезе перделерін де тігеді. Тапсырыстарын үйінде қабылдап жүріп, бұл сүйікті ісінің өзіне табыс әкелетін бизнес көзіне айналатынын тіпті де ойламаған. Тапсырыстардың ұлғаюына қарап, кәсіпкер әйел, тек өзі емес, өзге де адамдар еңбек ететін цех ашу керектігін түсінді.
«Даму» қорының ұйымдастырған бір кезекті семинарында Жаннат өзінің бизнесті басқару жөнінде тусінбеген жайттарымен бөлісті. Қордың менеджерлері «Іскерлік байланыстар» және «Шағын және орта бизнес топ менеджментін оқыту» жобалары бойынша оқыту курстарына бару керектігі жөнінде ұсыныстар берді. Бұл ұсыныстан Жаннат бас тарта алмады. Енді міне Бизнес ханым кәсіпкер әйел өзінің «Назарбаев Унисерситетінде» өткен оқудан алған әсерін қуанышпен бөлісуде.
- Шынымды айтсам алғашында бұл семинар туралы естігенде келісу мен үшін өте қиынға соқты. Себебі күнделікті қадағалап, бақылап отырған бизнесімді көп уақытқа тастап, Астана қаласына бару керек болдым. Бірақ соған қарамастан «Даму» Қорының менеджері Анар Қожаниязова міндетті түрде бару керек екенімді өтінді. Бұл оқудың қаншалықты маңызы зор екенін және де республикамыздың көптеген аймақтарындағы кәсіпкерлермен танысу, тәжірибе алмасу және өзімнің құзіреттілігімді арттыру мүмкіндіктерімді жіберіп ала жаздағанымды енді ғана түсіндім. Бастапқыда аудан орталығында өз кәсібін осы салада алғаш бастағандардың бірі едім. Қазіргі таңда бәсекелестерім өте көп. Міне, бәсекелестікті жеңу тақырыбын семинарда шетелден келген тәжірибелі тренерлер толықтай ашып, бизнестегі қиындықтарды қалай жеңудің жолдарын үйретті. Оқуларға қатысу арқылы менің түсінгенім, бизнесіңді сапалы түрде дамытуда, оны асқақтата түсуде міндетті түрде осындай әр-түрлі тренинг пен семинарларға қатысу керек,- деп Жаннат Жұмахметова өз ойымен бөлісті.
Еске салсақ, «Назарбаев Университеті» базасында тегін семинар-тренингтен өту «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының 4-бағыты аясында жүзеге асырылады. Толық ақпаратты еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында алуға болады.