СЕМИНАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ БЕКІТІЛГЕН ҮЛГІДЕ СЕРТИФИКАТТАР АЛДЫ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қызылорда облысындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (ПРООН) мен «Ұлттық ақпараттық технологиялық орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы электрондық үкімет және электрондық қызметтер» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға облыстағы онлайн орталықтардың кітапханашылары мен программист мамандары қатысты. Семинар барысында мамандар қатысушыларға электрондық үкімет туралы мәлімет беріп, портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны алу мен қолдану тәртіптерін және электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу жолдарын үйретті. Семинардың барлық тыңдаушылары бекітілген үлгіде сертификаттар алды.