СУДЬЯЛАР №6 К.МАРКС АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда қалалық соты Қызылорда қаласындағы №6 К.Маркс атындағы мектеп оқушыларымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, жеңістің 71 жылдық мерейтойы және Отан қорғаушыларының күнін атап өтуге байланысты бекітілген жоспарға сәйкес кездесу өткізді.
Кездесуде судьялар мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері жайлы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, Отан қорғаушылар күнін атап өтудің маңыздылығына тоқталып, тәуелсіз еліміздің Қарулы күштерінің құрылуы мен нығаюындағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың ролі жайлы айтып өтті.
Өз кезегінде оқушылар әңгімелесуге белсенді қатысып, Ұлы Отан соғысы және оның батырлары жайлы айтып, ұшқыр ойлары мен білімдерін көрсетті.
Шара соңында оқушылар бұл кездесудің орны ерекше екендігін, өздеріне пайдалы ақпарат алғандарын жеткізді.
Кездесу өте нәтижелі өтті және Қазахстан Республикасының әнұранын бірге орындаумен аяқталды.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі