ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облыстық сотында бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.
Қабылдауға қала тұрғыны С.Алимбетова келіп, алқа билердің қатысуымен қаралатын қылмыстық іс туралы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша сот жүйесіндегі оңтайландырулар туралы сұрақтар қойды.
Сот төрағасы Сүлеймен Сағатбет Болатбекұлы қойылған сұрақтарға жауап беріп, сот саласында жаңадан енгізіліп жатқан «Сот кабинеті» сервисі және «Сот кабинетінің мобильді нұсқасы» арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер туралы да айтып өтті.
«Ашық есік» күні - соттың халыққа деген ашықтығы мен жариялығының бірден-бір дәлелі болғандықтан, облыстық сотпен бекітілген кестеге сәйкес іс шара айына бір рет өткізіліп отырады. Кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрағына жауап ала алады.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі