ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘРДЕМ БЕРДІ
Жастарды жомарттыққа және қайырымдылыққа баулу бүгінгі күннен басталады. 30 сәуірден бастап, кезекті «Несібе» акциясы басталды, деп хабарлады «Ел-арай» қоғамдық қоры.
Бұл жолғы қайырымдылық акциясының ерекшелігі еріктілер қатарына мектеп оқушылары қосылды. Акцияның демеушісі «Казком» банк қызметкерлері. Қызылорда қаласындағы «Қазақ-түрік қыздар лицейі» және «Мирас» оқу орталығының оқушылары тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлікпен және де тұрмыстық заттармен жәрдем берді. Айта кету керек, акция аясында 50 отбасына көмек жеткізілді.