СОТТА ОҚЫП-ҮЙРЕНУ СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрелік» жүйесі, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы арыздарды жолдау мен қабылдау» тақырыбында оқып-үйрену семинар сабағы өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен және кеңсе қызметкерлері қатысты.
Семинарды сот төрағасы С.Б.Сүлеймен ашып, бүгінгі таңда сот саласында көптеген жаңа заманауи технологиялар енгізіліп жатқандығын айтып, сөз кезегін баяндамашы жетекші маман А.Күнтуғановаға берді.
Жетекші маман А.Күнтуғанова өз баяндамасында - «Төрелік» жүйесі, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі және «Үкімет порталы» арқылы арыздарды жолдау мен қабылдау бойынша туындайтын сұрақтарды талқылау арқылы оның артықшылықтарын атап көрсетті. Сонымен қатар, нақты құжаттарды тіркеу, шығару арқылы жүйені пайдалану тәртібімен таныстырды.
Семинар барысында қатысуышылар қолданысқа енгізілген жаңа өзгерістер бойынша туындайтын сұрақтарды талқылап өз пікірлерімен алмасты.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі