ҰЛЫ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА...
9 мамыр - жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі де - осынау мерекенің жемісі.
Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын, қуанышты да қайғылы, рухы биік мереке. Бұл мейрам – соңғы демі қалғанша күрескен жанқияр ерліктің нәтижесі, Жеңіс жалауы желбіреген күн, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады. Бұл күн сұм соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.
Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан барлық ардагерлеріміздің өмір жолын үлгі ету, құрмет білдіру кейінгі ұрпаққа парыз.
Қызылорда облысы соттарының судьялары, атап айтқанда, Б.Боранқұлов, Қ.Қоңыратбайұлы, Т.Есенгелдіқызы, А.Есенбаев, Ә.Палмұхамедов, Қ.Асауов, Ө.Қиязов, М.Ақпанбетов, Ә.Тәжімбетов, Ө.Жарықбаев, А.Қызыров, А.Досымов, Ә.Балымбетов, К.Жайсаңбаев, Ж.Исаев, С.Рахманқұлова, Қ.Ботабаев, Ж.Құлұмбетов, Ш.Өміртаев, Т.Югай, Ж.Ерімбетов, А.Таңатов, Ж.Үсенов, Ә.Досмайлов, Ж.Шерипов, Ә.Шілманов, Ы.Қобланова және тағы да басқалары Ұлы Отан соғысы жылдарында өздерінің қаһармандығы мен қайсарлығымен тарих бетінде есімдері қалған тұлғалар.
Қашанда халық үшін қызмет еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін бірқатары көптеген орден, медальдармен марапатталды.
Отан қорғау жолында жан қиярлық ерлігімен, сонымен бірге, әділеттіліктің ақ туын желбіретіп, сот жүйесін қалыптастыру мен дамыту жолында еңбек еткен бұл жандар бүгінгі сот корпусының есінде.
Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі