ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
Департаменттің мемлекеттік тілде іс жүргізушісінің ұйымдастыруымен Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, «Қазақстан халқының достығы мемлекет тұғыры» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет майоры Тұрсынбаев Талғат Қуанышұлы ашып, 1 мамыр-еліміз үшін ынтымақ пен бірліктің, Ұлттар арасындағы татулық пен достықтың мерекесі екендігін айтып өтті. Дөңгелек үстелге Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Уәйіс Ержан Үбәйдаұлы, «Қызылорда облыстық кәрістер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің ақсақалдар алқасының төрағасы Цой Матвей Николаевич, Ғылыми-сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас эксперті Әбдіраманова Шакизат Исабайқызы қатысып, ассамблеяның рөлі мен маңыздылығы, тарихи қалыптасуы мен қоғамдағы орны, ассамблея аясында облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарына, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының 8/6 қадамындағы Қазақстан халқы ассамблеясының «Үлкен ел- үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыруда атқарылатын іс- шаралар жоспары, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді дамытуда өз үлесте рін қосып жатқандықтары туралы баяндады. Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін!
Дана ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің
мемлекеттік тілде іс жүргізушісіДана ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің