БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының «Қызылорда жол бөлімшесі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрлан Бимұратов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлады партия сайты.
Қабылдауға келгендердің бірі – жас маман Әйгерім Әбіл. Алматыдағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясын бітірген ол бүгін жұмыс іздеп келіпті. Нұрлан Бимұратов Әйгерімді және Мұхан Шапашов есімді жас маманды жастар тәжірибесі арқылы 6 ай сынақ мерзімімен инженердің көмекшісі етіп жұмысқа жіберді. Егер олар сынақ мерзімінде білім-біліктіліктерін көрсетсе, тұрақты жұмысқа қалады.
Жыл басынан бері бастауыш партия ұйымында 5 қоғамдық қабылдау өткізіліп, арыз-шағымдардың 3-і оң шешімін тапты.
Жыл басынан бері бастауыш партия ұйымында 5 қоғамдық қабылдау өткізіліп, арыз-шағымдардың 3-і оң шешімін тапты.