ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША СЫНАҚТАН ӨТТІ
Қазақ тілін білу деңгейін бағалаудың Қазтест жүйесі бойынша 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі – 25%, С1 деңгейінде – 5%, В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі – 10%, С1 деңгейінде – 5% болуы тиіс.
Облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, межеге жету мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізу үшін Қызылорда облысындағы мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері арасында 25-30 сәуір аралығында байқау сынақтары ұйымдастырылды. Оған облыс әкімінің аппараты, облыстық мәслихат аппараты, аумақтық басқармалар, департаменттер, инспекциялар, Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, қалалық әкімдікке қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округтердегі мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қатысты.
Жалпы, байқау сынақтарына 2 022 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қамтылды.
Жалпы, байқау сынақтарына 2 022 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қамтылды.
Шынар БЕКБАН