ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің жеке құрам қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мәдени-ағартушылық шеңберінде «Қарттарым - асыл қазынам» тақырыбындағы қайырымдылық мерекелік іс-шара Қызылорда облыстық «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйінде»аталып өткізілді.
Мекеме қызметкерлері «Сен қоғамға керексің!» түрме реформасы негізінде жаза мерзімін өтеуші сотталған азаматтардың еңбектерін бағалау мақсатында өз қолдарымен жасаған дойбы, шахмат, кеме, ұлттық аспап - домбра, балдақ сияқты туындыларын қайырымдылық негізінде тарту етті. «Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оңды саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірбиелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен»,- деп мекеме бастығы Тасболат Шәкенұлы жылы лебізін білдірді. Сый-сыйапат табыстау сала қызметкерлерінің ән салып, домбыра шертіп және Ұлттық Ұлан 5547 Әскери бөлімінің атқыштар ротасының атқыш жауынгерлерінің өнерін тамашалаумен жалғасты. Шара соңында қа риялар ақ батасын беріп, алғысын жаудырды.
А.ӘБДРАШИТОВА,
ЗК-169/5 мекемесінің мемлекеттік тілде іс-жүргізушісі
А.ӘБДРАШИТОВА,
ЗК-169/5 мекемесінің мемлекеттік тілде іс-жүргізушісі