АЗАМАТТЫҚ ІС ҚАРАУҒА ӘЗІРЛІК ЖҮРГІЗУ САТЫСЫНДА ТОҚТАТЫЛДЫ
Қызылорда қалалық соты талап қоюшы А-ның жауапкер «Азиаш» ЖШС-нен еңбекақысын өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық істі қарады.
Азаматтық істі сотта қарауға әзірлік жүргізу барысында жауапкер «Азиаш» ЖШС талап қоюшы А-ға өз еркімен айлық табысының сомасын толық төледі. ҚР АПК-нің 48 бабының 1 тармағының талаптарына сәйкес, талап қоюшы талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюшы істі сот талқылауына дайындаған кезде немесе сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдан бас тартуға құқылы екендігі ҚР АПК-нің 170-бабының 1-тармағында реттеліп, талапкер осыны жасаған.
Сот талапкердің талаптан бас тарту әрекеті заңға қайшы келмейді деп есептеп, бұл процессуалдық әрекеттің салдарын түсіндіре отырып істі өндірістен қысқартты.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі