БАЛАЛАРҒА ЕКПЕ КЕРЕК ПЕ?
Баласына екпе жасату керек пе, жоқ па? Барлық аналар қазір осы туралы ойлайды. Біз осы сұрақтың жауабын іздедік, деп жазады «қоғам» арнасының сайты.
Имунитет арттыру, яғни екпе жасау қауіпті аурулардың алдын алудың бірден бір шарты. Бұл бүгінгі күндері тәжірибеге енген тәсіл емес. Мұны ертеректе сонау 18 ғасырда пайдаланған. Қазір осы екпенің арқасында балар арасындағы бұрын қауіпті ауру болып есептелетін қызылша, сүзек сияқты аурулардың әсері азайған. Дегенмен аналар әлі күнге екі топқа бөлінуде. Бірі екпені мақұлдаса, бірі қарсы. Ботакөз Сақтағанова екі баланың анасы. Үлкені үш жарым жаста болса, кішісі үш айлық. Балаларына екпе салдырған ана, қазір менің көңілім жайланған дейді. Бір жақты болмасын деп біз екпеге қарсы екінші тараптың да пікірін тыңдадық. Украиналық балалар дәрігері Евгений Олегұлы Комаровский «бұрындары қазақ балаларының жоқ дегенде бір пайызы қызылшадан көз жұматын болса, қазір бұндай жағдай тіркелмей отыр. Ол осы екпенің арқасы. Сондықтан екпеге қарсы емес, қандай екпе салатындығын және оны сапасын білуге ұмтылу керек» деді. Міне, қазір біздің халық қалаулыларымыз осы мәселемен де айналысуда. «Ақжол» фракциясы мүшелері әр баланың өз гешелігін, екпені қабылдаудағы қабілетін зертеп болмай міндетті екпе жасауға қарсылықтарын бідіруде.