ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР «ӨЗІҢДІ СЫНАП КӨР» БАСПАСӨЗ ТУРЫН ӨТКІЗДІ
Кеше Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері журналистер мен блогерлерге және қатысуға ынта білдірген үміткерлерге арнап Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Өзіңді сынап көр» баспасөз турын ұйымдастырды. Аталмыш шараның басты мақсаты – жүргізуші куәлігін алу үшін өткізілетін емтихандардың ашықтығы мен жариялылығын көрсету болып табылады.
Пресс-тур барысында автомектептерде білім алмай-ақ, дербес дайындалу арқылы көлік жүргізуші куәлігін алуға болады деген норманы енгізудің маңызы мен мақсаты түсіндірілген брифинг өткізілді. Аталмыш брифингті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Ахметов пен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Қызылорда облысы бойынша директоры Аида Әбибуллаева жүргізіп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Брифинг барысында А.Ахметов сөз алып, жаңа жүйе бойынша тек автомотокөлік құралдарын басқарғысы келетін жүргізушілерге дербес әзірленуге мүмкіндік берілетінін алға тартып, бұл норма кәсіби жүргізушілерге (C, D, E санаты) қолданылмайтындығын ескертті.
Аида Әбибуллаеваның айтуынша, өткен жылы 33798 өтінім келіп түскен, оның ішінде 3768 адам жүргізуші куәлігін алған. Ал осы жылдың төрт айында 14403 өтінім келіп түссе, 1918 адам жүргізуші куәлігін алған.
Содан кейін пресс-турға қатысушылар Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысуға мүмкіндік алып, жол жүрісі ережесінен теориялық емтихан қабылдау бөлмесін және нақты уақыт режимінде тәжірибелік емтихан тапсыру барысын бейнекамера арқылы бақылайтын диспетчерлік пунктін аралап көрді. Қатысушылар арнайы бағдарламалық қамсыздандыру жүйелері мен бейнебақылау камералары қатысушылардың жауаптарына өзгеріс енгізуге немесе емтихан қабылдаушылардың емтиханның жүру барысына ықпал ете алмайтындығына көз жеткізді. Тіпті пресс-турға қатысушылар арнайы автокөліктерді тізгіндеп, өздерінің білімі мен біліктерін де сынап көрді.
Айта кету керек, емтихан қабылдау рәсімі бұрынғыдай болып қала береді, теориялық және тәжірибелік 2 кезеңнен тұрады. Жүргізу тәжірибесі бойынша тәжірибелік емтиханды қабылдау, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қажетті техникалық құрылғыларымен жабдықталған және жинаған баллдардың сомасын және емтихан тапсыру нәтижесін автоматты режимде анықтайтын автоматтандырылған автодромдарында жүзеге асырылады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі