АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ ҚАРАУ БОЙЫНША ТОҚТАМҒА АЛУ КЕЗІНДЕГІ ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ САҚТАЛУЫН ТАЛДАДЫ
Қызылорда қалалық прокуратурасы 2016 жылдың 3 айында азаматтық істерді қарауға байланысты тоқтамға алу кезіндегі заңдылықтың сақталуын талдады, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Есепті мерзімде жергілікті соттар 24 азаматтық іс бойынша тоқтамға алу туралы ұйғарымдар қабылдаған. Олардың барлығы сот арқылы сараптама тағайындалуына байланысты тоқтамға алынған. Тоқтамға алынған азаматтық істердің 4-еуі қалдыққа қалдырылса, 20-сы бойынша өндіріс қайта жаңғыртылып, шешім қабылданған.
Мысалы, Қызылорда қалалық сотының 09.03.2016 жылғы ұйғарымымен арыз беруші У.П.-ның баласы Т.П.-ты әрекетке қабілетсіз деп тануды сұраған арызы негізінде қозғалған азаматтық істің қаралуы тоқтатыла тұрған. Арызға тіркелген құжаттарға қарағанда Т.П. «Тұлғаның органикалық этиологиялы бұзылуы» диагнозымен 2014 жылдан бастап есепте тұрады және І топтағы мүгедек.
Азаматтық істі қарауға әзірлік барысында Т.П.-тың психикалық хал-жағдайын анықтау үшін сот-психикалық сараптама тағайындау қажеттігі туындады. Сондықтан амбулаторлық сот-психиатриялық сараптама тағайындалып, оны жүргізу «Қызылорда облыстық психоневрология ауруханасына тапсырылған. Сот ұйғарымымен азаматтық іс қайта жаңғыртылды. Қазіргі таңда іс бойынша түпкілікті шешім қабылданбаған.