КҮЗЕТ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға бағытталған Қызылорда облысы Ішкі істер департаменттің ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бүгінгі күнге облыс орталығында бөтен мүлік ұрлықтарын ашу бағытында Қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу топтары құрылса, мал, пәтер, қалта және ұялы телефон ұрлықтары бойынша бөлек-бөлек жедел-тергеу топтары құрылды. Нәтижесінде 2016 жылдың 1 тоқсанында облыс көлемінде тіркелген бөтен мүлік ұрлығының саны -15,5% (1814-тен 1533-ке) төмендеді.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, пәтер ұрлықтарының алдын алу бағытында көпқабатты үйлердің подъездерінің есіктеріне толығымен домофондар орнату жұмыстарын жүргізу жұмыстары бақылауға алынды. Әрбір пәтер ұрлықтарына жедел-тергеу тобымен бірге департаменттің күзет қызметін бақылау бөлімінің бір қызметкерінің міндетті түрде баруын қолға алып, ірі мөлшерде жеке үйлер мен пәтер ұрлықтарының алдын алу мақсатында егелеріне күзет дабыл қондырғыларын және бейнебақылау камераларын орнату қажеттігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жеке күзет мекемелерінің жазбаша үн-парақтары таратылуда. 2016 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысы бойынша 630 үй-жайлар күзетшілермен күзетілсе, 381 үй-жайлар орталықтандырылған бақылау торабына қосылған.
Бүгінгі күнге облыс бойынша жалпы 1011 үй-жайлар тәулік бойы күзетке алынып, тұрғын үйлердің иелерімен келісімшарттар жасалған.
Алдағы уақытта ҚР Ішкі істер министрлігінің бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасы аясында осындай ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар жалғасын тауып, жүзеге асырыла береді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі